RU

Тамара Асар Тоқаевтың арнайы марапатына ие болды (фото)

Тамара Асар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы марапатына ие болды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желіде хабарлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/tamara_assar_official
Фото: Instagram/tamara_assar_official: Twitter

Белгілі болғандай эстрада жұлдызына президенттің арнайы алғыс хаты табысталған. Марапаттау кезіндегі суреттерін Тамара Асар Instagram парақшасында жариялады.

"Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы марапатын алу бұйырды" , - деп жазған әнші суреттердің астына.

Желі қолданушылары еңбегі бағаланған өнер иесін құттықтап, оған өздерінің ақ тілегін жаудырған.

"Марапатыңыз құтты болсын. Сіз мадақтың түр-түріне лайықсыз" , "Осындай қазақ өнерінің жанашырына алғыс жариялап жатқаны қатты қуантады. Білімді. білікті әншілерге беру керек марапаттарды. Әйтпесе, лайықсыздарға таратылып жатқандай" , "Құтты болсын, көбейе берсін марапаттарыңыз" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803156-tamara-asar-tokaevty-arnajy-marapatyna-ie-boldy-foto.html