RU

Жанқош Тұраров елорда төрінде чемпиондық белдікке таласады

Боксшы Жанқош Тұраров алтыншы шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында аргентиналық Мауро Годойға қарсы шаршы алаңға шығады. Кездесу жеңімпазы WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуіне ие болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы қазақстандық боксшының өзі Instagram парақшасында хабарлаған.

Аталмыш бокс кеші елордадағы "Барыс Аренада" өтеді.

Жанқош Тұраровтың кездесуінен бөлек бұл кеште тағы төрт чемпиондық жекпе-жек болады.

Оның бірі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803183-zankos-trarov-elorda-trinde-cempiondyk-zekpe-zek-tkizbek.html