RU
Еңбек министрлігі жеті млн теңгеге жиһаз сатып алу жөнінде хабарландыру жариялады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Еңбек министрлігі жеті млн теңгеге жиһаз сатып алу жөнінде хабарландыру жариялады

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік сатып алулар сайтында қызметкерлеріне жаңа жиһаз қажет екені жөнінде хабарландыру жариялады. Жеткізушілер отыз күн ішінде министрлікке кеңсе жиһазының он жинағын әкелуге тиіс. Ол үшін бюджеттен жеті млн теңгеден аса қаржы бөлінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: incredit.me

Көрнекі сурет: incredit.me

Тауардың функционалдық сипаттамасында жеткізуші қызметкерлер үшін жиһаздың он жинағын жеткізуі тиіс екені жазылған. Оған: жұмыс үстелі, тумба, приставка, мобильді тумба, құжаттар үшін төрт есікті кішкентай шкаф, киім-кешектер үшін шкаф және кресло кіреді.

Топтаманың бағасы 7 142 857 теңгені құрайды.

Тауардың техникалық сипаттамасында жұмыс үстелінің мөлшері 2000х900х780мм-ден аспау керек екені көрсетілген. Тапсырушылардың талабы бойынша ол емен сілемдерінен жасалынуы тиіс.

"Үстелдің беткі жағында табиғи былғарымен қапталған ойма бювар болу керек. Оның көлемі: ұзындығы 600 мм-нен, ені 400 мм-ден аспауы тиіс" , - деп жазылған жиһаздың сипаттамасында.

Ал тумбалар, киім-кешектерге арналған шкафтер мен қалған жиһаздар да бағалы ағаш түрлерінің сілемдерінен жасалынуы, олардың сыртқы жағы заманауи әрі сапалы лак-бояу материалдарымен қапталуы керек екені айтылған.

"Жетекшінің креслосы жоғары сапалы табиғи былғарыдан, креслоның орындығы мен арқасы жоғары сапалы, тығыздығы 25-40 кг/куб м кем емес жайлы поролоннан болуы керек. Креслоның максималды жүктемесі 120 келіден аз болмау керек" , - деп жазылған сипаттамада.
Сіздің реакцияңыз
8
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel