Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 миллион қазақстандықтың жеке мәліметі желіде жарияланып кеткен

Опубликовано:

Қазақстанның 11 млн тұрғының жеке мәліметтерін желіден оңай табуға болады. Белгісіз біреулер кәмелетке толған әрбір қазақстандық туралы мағлұматты ғаламторға жариялап жіберген деп хабарлайды Кибер шабуылдарды талдау және зерттеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: medium.com
Көрнекі сурет: medium.com: UGC

Жеке мәліметтердің жайылып кетуі жөніндегі хабарлама CERT.KZ Telegram-арнасында жарияланды.

Олардың мәліметіне сәйкес жүйе КШТЗО-ның компьютерлік оқиғаларға жедел жауап беретін орталықтың мамандарымен анықталған.

Сарапшылардың сөзінше, 11 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері еркін қолданыста болған. Қызығушылық танытқан кез келген адам жүйеге емін-еркін кіре алған.

Аталмыш жүйенің пайда болғанына қанша уақыт өткені белгісіз. Алайда, мамандардың айтуынша, Google мен Yandex жарияланған ақпаратты индекстеп үлгерген.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев өзінің Facebook парақшасында бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Дерек көзі мен тарату себептерін анықтауды тапсырдым. Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта бұл мәселемен айналысуда" , - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803201-11-million-kazakstandykty-zeke-mlimeti-zelide-zarialanyp-ketken/

pixel