RU
"Жұмыс бастан асады": Көлгінов жаңа жиһаз сатып алуға қатысты жауап берді

"Жұмыс бастан асады": Көлгінов жаңа жиһаз сатып алуға қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгінов өз жұмыс кабинетіне жаңа кресло сатып алуға қатысты пікір білдірді. Ол жұмысы бастан асып жатқанын айтып, соңғы кездері кеңседе мүлде болмай кеткенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтай Күлгінов. Мұрағаттағы фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Алтай Күлгінов. Мұрағаттағы фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Елорда әкімі бұл мәселеге қатысты пікірін өзінің Тwitter парақшасында қалдырған.

Ол желіде өзінің Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалғанынан кейін, жұмыс кабинетіне жаңа кресло таңдаумен айналысып жатқаны жөнінде ақпарат тарағанын айтты.

Алайда, шаһар басшысының сөзінше, қазіргі таңда оның жиһазды ойлайтын уақыты жоқ. Әкім жұмысы бастан асатынын жеткізді.

Оған қоса, ол қазақстандықтардан жалған ақпараттарға сенбеуін сұрады.

"Достар! Кеше желіде "менің" жаңа кресло сатып алғанымды қызу талқылапты. Қазіргі таңда, креслоны ойлайтын уақытым жоқ. Жұмыс бастан асады. Көп уақытымды кабинеттен гөрі "алаңда" өткізудемін. Жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді сұраймын. Ал, жиһазын жаңартқысы келген жұмысшыға бұл ойдан бас тартуды тапсырдым" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel