RU
Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?
Жаңалықтар Қоғам

Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Рассказать Вконтакте

Бердібек Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлердің қандай орындықтарда отыратыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Фото: Facebook; Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ескі-құсқы жиһаздардың суретін ведомствоның баспасөз қызметкері Қанат Құлшыманов өз парақшасында жария етті.

"Бүгін кейбір БАҚ-та Еңбек министрлігінде кеңсе жиһазын сатып алу жөнінде ақпарат тарады. Осыған орай бұл жағдай бойынша түсіндіріп өткім келеді

Министрліктің жиһазы 10 жылдан астам уақыт бойы жаңартылған жоқ, соңғы рет жиһаздың негізгі бөлігі 2008 жылы сатып алынған болатын.

Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Фото: Facebook

Бүгінгі таңда қызметкерлердің кеңселік жиһазы 80%-ға тозған", - делінген Құлшымановтың жазбасында.

Сондықтан, баспасөз хатшының айтуынша, қызметкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау мақсатында биыл 10 жиынтық кеңсе жиһазын сатып алу жоспарланған.

Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Фото: Facebook

Кеңсе жиһазының жинағына - жұмыс креслолары, үстелдер, тумбалар, құжаттар мен киімге арналған шкафтар кіреді. Барлық саны – 80. Бүкіл жиһаздың ең жоғарғы бағасы 7 млн. 142 мың теңге.

Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Фото: Facebook

Алайда, мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес тауарды ең арзан бағамен жеткізуші анықталады.

"Жиһаз 10-15 жылда бір рет жаңартылатынын және күнделікті пайдаланылатынын ескерсек, сатып алынатын тауар сапалы, қауіпсіз және берік болуы керек. Бұл ретте, сатып алынатын тауар қымбат әрі сән-салтанатты деген сөз емес. Жиһазды сатып алу барысында тек отандық өндірістің ғана тауарларына сәйкес келетін техникалық ерекшелік қолданылды", - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы.
Барлығы 7 млн: Сапарбаевтың қарамағындағы қызметкерлер қандай орындықта отырады?

Фото: Facebook

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік сатып алулар сайтында қызметкерлеріне жаңа жиһаз қажет екені жөнінде хабарландыру жариялағаны туралы жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
2
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel