RU
"10 саябақ қараусыз қалған": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады (фото)

"10 саябақ қараусыз қалған": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордадағы қараусыз қалған саябақтарды абаттандандыру мәселесін қолға алатындығын мәлімдеді. Шаһар басшысы мұндай жаңалықпен желідегі парақшасында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім Нұр-Сұлтанда он бірдей саябақтың қараусыз қалғанын алға тартқан. Ол сондай-ақ тұрғындардың үй аулалары мен қаланы таза ұстауға шақырды.

"Қаланы абаттандыру мәселелерін қарадық, жиналыс барысында қаламызда 10 саябақтың қараусыз қалғаны ескертілді. Аудан әкімдеріне шұғыл түрде саябақтарды балансқа алып, қалпына келтіру қажеттілігін тапсырдым. Тұрғындарды саябақтар мен скверлерді таза ұстауға шақырамын", - деп жазған ол өз Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әкімге қолдау көрсетіп, "Жарайсыз", "Дұрыс айтасыз", "Бұрыннан осы істі қолға алу керек еді", - деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетерлігі, бұған дейін елордадағы бірнеше саябақ жабайы шөп пен қараусыз қалғанын жариялаған едік.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel