RU
Әйгілі Лолита бесінші күйеуімен ажырасып кетті

Әйгілі Лолита бесінші күйеуімен ажырасып кетті

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал әнші Лолита Милявская күйеуі Дмитрий Ивановпен айырылсқанын мәлімдеді. Шоу-бизнес жұлдызының осымен бесінші некесі ажырасумен аяқталып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лолита Милявская бесінші күйеуімен айырылысып кеткені туралы Instagram парақшасында хабарлады.

"Біз Дима екеуміз айырылысатын уақыт келді деп шештік. Соңғы кездері біз бір-бірімізге айтарлықтай суып кеттік. Біз үшін бұл үнемі қарым-қатынастарын шеше алмай жататын адамдарға айналып кетпеуге таптырмас шешім болып табылады.
Тоғыз жыл бойы менде ең керемет "жас" күйеу болды. Оған шын жүректен бар жақсылықты тілеймін. Шынын айтса, бір апта уайымдадым. Сосын қоя бердім. Оның батылдығына тәнтімін. Қасымда қалып, маған өмірбақи төзіп жүрер ме еді. Жаман пікір жазушыларға бұрынғы сүйіктімді ренжітуге жол бермеймін.
Осымен тәмәм. Басым бос. Алайда, бұл дегенім бірден жаңа қарым-қатынас іздеймін деген сөз емес. Жалғыз тұрып, отбасым мен жұмыстан ләззат алмақпын" , - деп жазған әнші.

Айта кетейік, Лолита Милявская мен спортшы Дмитрий Иванов бір шаңырақ астында тоғыз жыл тұрды. Әнші сүйіктісінен 12 жас үлкен. Бұған дейін ол төрт рет тұрмыста болған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel