RU
Гүлзира Айдарбекова Қайратқа қастандық жасайтындардың әрекетін жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлзира Айдарбекова Қайратқа қастандық жасайтындардың әрекетін жайып салды

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа қастандық жасайтындар туралы бар шындықты айтты. Ол соңғы уақытта әлеуметттік желіге тараған монтаждалған видео жайлы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова бұл туралы өз Instagram парақшасында жазған. Ол Қайрат Нұртастың тарихи жүлде алғаны видеосын да жариялапты.

"Менің бүгінгі салған алдыңғы және кейінгі 2 жазбамды не үшін салып отыр дерсіздер. Әрине, маған ақталып қажеті жоқ, сонда да болса жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға.
Тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасалынып отырған түрлі әдістері қара пиғылды азаматттардың елді дүрліктіруде.
Барлық уатсаптарға түгел таратылсын деген дауыстық хабарламаларды қаптатып, жұмыс жасалынуда. 24 сағат бойына интернетте тұратын болсын деп ақша төлегендерін де естідік. Абыройды берген Алла, біткен күні өзі алар. Бір Аллаға тапсырдым. Осындайда Қайраттың "Жаралы жанның әні бұл" атты әнінің сөздері есіме түседі.
"Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр" деген. Мына караоке де жанды дауыспен айтқан әндері, еліміздің бүкіл конкурстарында алған жанды дауыстағы жетістіктері, жанды дауыста берген талай концерттері өтірікке жанаспайтын шындықтар, инемен құдық қазғандай еңбектерімізді, қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша салуға ниеттенгендер таң қалдырмай қоймады",- деп жазды продюсер.

Сондай-ақ, Қайрат Нұртастың анасы елде басқа мәселе таусылғандай ұлынан мін іздей беретін адамдарға таңданысын жеткізді.

"Біресе әр шыққан әншімен салыстыру бітпейтін шегі жоқ өсек, әйтеуір мін іздеу. Еліміздің басты мәселелері орын алып жатқанда, Қайрат кімнің қытығына тиді екен? Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау мұның қасында түк болмай қалғандай, бүкіл уатсапқа таратылсын деп дүрліктіріп әлек. Әрбір істің артында қайыры бар демекші, Алла қайырын берсін!",- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Қайрат Нұртастың Шымкентте қала күніне орай ұйымдастырылған концерттегі видеосы желіге тарап, жұртты дүрліктірген еді.

Сіздің реакцияңыз
84
3
10
4
0
7
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel