RU
"Іш киіммен аластайды": Жүкті әйел енесінің адам сенгісіз істері жайлы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Іш киіммен аластайды": Жүкті әйел енесінің адам сенгісіз істері жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Жүктіліктің оныншы аптасында жүрген келіншек енесінің адам сенгісіз әрекеттері жайлы айтты. Ол үйді үнемі іш киіммен аластайтын енесі өзін дуалап алуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл туралы кейіпкер Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында баяндаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: psy-a.com

Көрнекі фото: psy-a.com

Келіншектің сөзінше, енесі құмалақ ашатын кісілерге көп баратын болған.

"Менің анам бір емші, көріпкел кісіге звондап сұрағанында ол кісі "Енесі сіздің қызыңызды дұғалап отыр" деген екен. Араларын суыту үшін депті. Енем көріпкелге, құмалақ ашатын кісіге көп баратын және үйжі іш-киімімен аластайтын. Бір күні сол құмалақшы кісіге барып, "саған көз тимесін, тастамай тағып жүр" деп маған алтын сақина берген еді,.
Мен тұрмыс құрғаныма үш айдай ғана болды. Аяғым ауыр 10 аптадай. Күйеуім ажырасамын деп отыр. Бірақ мен сені сүйемін дейді. Мені үйден қуып шықты. Баланы алдырып таста дейді. Ажырасу себебін нақты айтпайды. Менің ешқандай артық қылығым жоқ, қызметімді істеп отырдым", - деп жазған ол.

Отағасының бұл әрекетін түсіне алмаған әйел дұғаның қатысы бар болуы мүмкін бе деген ойға беріліп отыр.

Сіздің реакцияңыз
3
11
8
10
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel