Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында әкім орынбасары қамауға алынды

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин алдын ала келісім бойынша пара берді деген күдікке ілінді деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: mugalzhar.aktobe.gov.kz
Фото: mugalzhar.aktobe.gov.kz: Twitter

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, қалалық арнайы мамандандырылған тергеу соты Мұғалжар ауданының әкім орынбасары Ғалым Қобландинді қамауда ұстау жөніндегі өтінішті қанағаттандырған.

"Ол ҚР қылмыстық кодекстің 28 бабы және 367 бабы ("Пара беру") бойынша яғни адамдар тобындағы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамға алдын ала сөз байласу бойынша пара берді деген күдікке ілінді. Әкім орынбасары екі айға қамауға алынды" , - деп түсіндіріп өтті облыстық соттан.

Айта кету керек, әкім орынбасары қызметінде Қобландин небәрі бір жарым жыл ғана жұмыс істеген.

Ол ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға жауап берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803256-aktbe-oblysynda-kim-orynbasary-kamauga-alyndy/

pixel