RU

Үш адам бірдей дуалаған алматылық келіншек жеті рет түсік тастаған

Жеті рет түсік тастаған келіншек өзін үш адам дуалап тастағанын айтты. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: vaplace.com
Көрнекі фото: vaplace.com: Facebook

Әйелдің айтуынша, өзі тапсырған анализ сараптамасының бәрі дұрыс.

"Маған үш адам магия жасағанын айтты, содан жеті рет түсік болды. Анализ, бәрін тапсырдық. Бізде бәрі жақсы, тек қан қою деп дәрі берді. Болжам жасатқан едім. Сонда мықты магия жасайтын адам шешеді, тездетіп шештір деп айтқан. Күндіз-түні ұйқы жоқ", - дейді ол.

Амалы таусылған алматылық әйел дуаны қайтаратын адамды іздеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803280-s-adam-birdej-dualagan-almatylyk-kelinsek-zeti-ret-tsik-tastagan.html