RU
60 келіге бір-ақ арықтаған бойжеткен адам танымастай өзгеріп кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

60 келіге бір-ақ арықтаған бойжеткен адам танымастай өзгеріп кетті

Рассказать Вконтакте

Лондон қаласының тұрғыны өзінің анасынан үлгі алып, 60 келі салмақ тастады деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

27 жастағы Карлин О'Донохьюдің сөзінше, ол ұзақ уақыт артық салмақтан зардап шеккен.

Бір кездері Карлиннің салмағы 140 келіге дейін барған. Оны көшеден өткендер "кит" деп мазақтайтын болыпты.

"Артық салмағымның кесірінен өзімді әрдайым бақытсыз сезінетін едім. Бірақ бәрі дұрыс деген түр жасап алатынмын", - дейді британдық қыз журналистерге берген сұхбатында.

Бойжеткен анасынан үлгі алып, 2017 жылы өзінің дене пішінін өзгертуге бел буған.

Оның анасы 50 келіден астам салмақ тастапты.

"Анам біраз салмақ тастағаннан кейін, қандай бақытты екенін түсіндім. Бұл маған қатты әсер етті", - дейді О'Донохью.

Ол фастфуд пен зиянды тағамдардан бас тартып, жеміс-жидек пен көкеністі тұтынуды жиілеткен екен. Бірінші жылы бойжеткен 25 келі салмақ тастаған.

Алайда О'Донохью мұнымен тоқтап қалмай, дұрыс тамақтануды жалғастыра берген. Ол тіпті, артық теріні алып тастау отасында жасатқан.

Қазіргі уақытта бойжеткен салмағы 78 келі.

О'Донохью өзінің дене пішініне көңілі толатынын және жақсы сезінетіндігін айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel