RU

Шымкент әкімі "Оян қазақ" деп жүргендерге жауап берді

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Оян қазақ" деп ұран тастап жүрген азаматтарға жауап берді. Шаһар басшысы оларға оянудың орнына ойлануға кеңес берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үшінші мегаполистің әкімі өзінің Instagram парақшасында ой салар жазба жариялаған.

"Халық көп. Әр адамның өз ойы бар. Миллион адамның миллион ойлары болады. Ал шешім бір ғана. Шешім қабылдау, ол шешімді іске асыру өте үлкен жауапкершілік және жұмыс. Ең маңыздысы біз үшін ол тәуелсіздік, бейбіт өмір, xалықтың әлауxаты.
Әрбір азамат бірінші өзінен бастау керек. Мен бұл өмірде не істедім? Қандай із қалдырамын? Мен туралы ертен балаларым не айтады деп. Болмайтын әңгіме және өсек айтқаннан түк те шықпайды. Мен "Оян қазақ" деп жүрген азаматтарға "Ойлан қазақ!" деп жауап берер едім" , - деп ойын ортаға салды Әбдірахымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803312-birinsi-zinen-bastau-kerek-symkent-kimi-oan-kazak-dep-zrgenderge-zauap-berdi.html