Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өзбекстандық жүкті әйелді танысы секс-құлдыққа өткізіп жіберген

Опубликовано:

Өзбекстан азаматшасын өзінің отандасы Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласының полиция департаменті
Фото: Алматы қаласының полиция департаменті: UGC

Полицияның мәліметінше, 28 жастағы секс құлдықтың құрбаны жүктіліктің төртінші айында екен.

"Жәбірленушінің сөзінше, Алматыға ақша табу үшін екі ай бұрын келген. Әйел адам жолдасымен ұрысып қалғанын, жүкті болғанына қарамастан елінен кетіп қалғанын айтты.
Мегаполисте ол 1993 жылы туған С. есімді өзінің жерлесімен танысқан. Отандасы қолында жұмыс істеуді ұсыныпты. Кейінірек, жүкті әйел күштеп жезөкшелікпен айналысуды мүжбүрлегенін жеткізді.
Өзбекстан азаматшасының қиын жағдайы туралы жедел түрде біле алдық. Өткен түні Түрксіб ауданының полиция басқармасының қызметкерлері секс-құлдықтың құрбанын құтқару бойынша арнайы операция өткізді.
Қазіргі уақытта әйел адаммен психологтар жұмыс істеп, қажетті көмекті көрсетуде", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция майоры Тимур Қаржаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803336-almatyda-zbekstandyk-zkti-jeldi-tanysy-seks-kldykka-tkizip-zibergen/

pixel