Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев көпбалалы аналарды іскер әйелдерден үлгі алуға шақырды (фото)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда елдің барлық өңірінен жиналған көпбалалы аналарға қолданбалы өнер үйретіле бастады. "Асыл ана" әлеуметтік жобасы аясында "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен Нұр-Сұлтан басшысы Алтай Көлгінов қатысты.

Мұнда тігін және қолданбалы өнер тренинг-семинарларынан өткен қатысушылар өз жұмыстарын ұсынды. Көрме жеңімпаздары дипломдармен, тігін машиналарымен және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Табысы төмен көпбалалы аналар өз кәсібін ашып, оны табыс көзіне айналдырған еліміздің іскер әйелдерінен үлгі алуы керек. Өйткені, бұл тек өмір сүру сапасын жақсартуға ғана емес, сондай-ақ өздері сияқты азаматшалар үшін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Бердібек Сапарбаев.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Министр "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгеге дейін гранттар қарастырылғанын атап өтті.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мәселен, көпбалалы отбасы тігін машинасын және қажетті материалдарды сатып алуға берілген қаражатты пайдалананып, төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды үй жағдайында тігуге мүмкіндік алады", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдетілген микрокредит беруге квота қарастырылған. Осының нәтижесінде биыл 15 мың көпбалалы отбасы өз ісін ашып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жобаның негізгі мақсаттарының бірі - көпбалалы аналарды оқыту мен ұлттық брендті дамыту арқылы шағын және орта бизнеске тарту.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803340-berdibek-saparbaev-kpbalaly-analardy-isker-jelderden-lgi-aluga-sakyrdy-foto/

pixel