RU
Түркияға ұша алмай отырған Sсat жолаушылары жаппай шағымданды

Түркияға ұша алмай отырған Sсat жолаушылары жаппай шағымданды

Рассказать Вконтакте

Бірнеше сағаттан бері Қазақстанның астанасынан Түркия еліне демалуға ұшып кете алмай отырған жолаушылар рейстің кешіктірілгеніне шамданып отыр. Бұл туралы олар әлеуметтік желілерде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ.

"Scat әуекомпаниясы алдымен рейсті таңғы 3-ке, кейін таңғы 4-ке, сосын 10:00-ге, одан соң 11:00-ге, енді 15:30-ға ауыстырды.

Адамдар кешелі бері 23:00-ден бастап әуежайда балаларымен отыр. Нақты ақпаратты ешкім бермейді. Жолаушылар енді басқа рейстерді бұғаттағысы келіп отыр", - деп жазды ол.

"200 адам, оның жартысы - кішкентай балалар 12 сағат бойы халықаралық терминал ғимаратында тұрып қалған. Көңіл күйдің бұзылуы, көз жасы, жүйкенің тозуы, қызудың көтерілуі, шаршау және күйзеліс", - деп жазады тағы бір жолаушысы Асем Әбдіров.

Елорда тұрғыны Нұрлан Сүйіндіков әуежайда Түркияға ұшпақ болып отырған анасының бар екенін айтты.

"Кеше олар ұшып кетіп, қазір ұшақта отыруы керек еді. Алайда олар техникалық ақаулардың барын айтып, бәрін ұшақтан шығара бастаған. Бірнеше рет рейсті ауыстырып, енді жолға 15:30-да шығатынын айтты.

Анамның айтуынша, оларға ыстық тамақ беріліп, вокзалдың жанынан қонақүй ұсыныпты. Ол бас тартыпты. Қалған барлық рейстар ұшып кетіп жатыр. Қазір жолаушылар кінәрат-талабын жазып, қол жинамақшы", - дейді ер азамат.

Scat әуекомпаниясы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Нұр-Сұлтан -Анталия рейсінің ұшуы тоқтатылды. Ұшу алдындағы дайындықты жүргізу кезінде қосымша техникалық қызмет көрсету қажеттілігі анықталды. Ауекомпания әуе кемесін ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар берілді. Ұшу уақытын күту қолайлы болу үшін барлық жолаушыларға қонақүйде тұру ұсынылды. Ұшу Нұр-сұлтан уақытымен 15:30-ға жоспарланған", - деп хабарлады тасымалдаушының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Нұр-Сұлтан - Анталия" рейсінің 200-ден астам жолаушысы ұшақтың астаналық әуежайда ұшуын 5 сағаттан астам уақыт күтіп тұр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel