RU
Нұр-Сұлтанда ДВК белсенділері ұсталды

Нұр-Сұлтанда ДВК белсенділері ұсталды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымының белсенділері ұсталды деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қалалық полиция экстремистік ұйымының қызметіне қатысуы фактісі бойынша Қылмыстық колекстің 405 бабымен қылмыстық істерді тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Қылмыстық іс аясында 9 адамға қатысты бірқатар тінту жүргізу санкцияланып, ол жерден компьютерлер, флешкалар, смартфондар, микрофондар және аэрозольды бояулар тәркіленді.

Соттың санкциясымен үш азамат қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орындарға парақшалар жапсырып, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату арқылы рұқсат етілмеген митингіге шақырған елорданың 7 тұрғыны - М. Мамбетов, А. Онланбекқызы, А. Мустафина, И.А. Горохов, А.К. Нурушева, Е.Б. Есхожин, К. Байнукей анықталып, ұсталды.

Олардан компьютер, процессорлар, флешкалар мен смартфондар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.

"Аталған тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігі бойынша (ҚР бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік сотталғандарға арналған Арнайы қабылдау орнына қамауға алынды",- делінген хабарламада. 

Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті ҚДТ тіркелмеген экстремистік ұйымының қызметіне тыйым салынғаны, ҚДТ белсенділері ұйымдастырған санкцияланбаған митингілерге қатысқан жағдайда жауапкершілік жөнінде ескертеді.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
3
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel