RU
"Миы шайқалған": Арыстық жеті жасар бала ауыр халде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

"Миы шайқалған": Арыстық жеті жасар бала ауыр халде жатыр

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыстағы жарылыстан кейін Нұр-Сұлтанға жеткізілген екі баланың жағдайы туралы айтып берді. Ол миы шайқалған 7 жастағы баланың ауыр халде жатқанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

7 жастағы Аянды ауыр жарақатпен Нұр-Сұлтандағы қалалық балалар ауруханасына жеткізген.

Біртановтың сөзінше, мекеме еліміздегі ең озық медициналық нысан болып табылады.

"Ол нысан нейрохирургиялық ем жасауға қажетті заманауи құралдардың барлығымен жабдықталған. Мамандары да өте білікті. Баланың қазіргі жағдайы өте ауыр болғанымен, сапалы медициналық көмектің арқасында жазылып кетеді деген үміт бар", - деді министр.

Ол 7 жастағы бала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатқанын айтты.

"Аянның диагнозы - ауыр ми жарақаты. Оның жағдайы бірінші күннен бері өз бақылауымда. Қажетті мамандардың бәрі күнделікті консилиум жасап, маған ақпарат беріп отыр", - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі екінші баланың жағдайы туралы да пікір білдірді.

"11 жастағы екінші баланың жағдайы жақсаруда. Ол есін жиды. Қазіргі уақытта емдеу шаралары жалғасуда", - деді Біртанов.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel