RU
"Мың жылда өмірге бір келеді": Димаштың фанаттары Ақтөбені қалай аралады?

"Мың жылда өмірге бір келеді": Димаштың фанаттары Ақтөбені қалай аралады?

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда өткен коцерттен кейін әншінің туған жерін көруге келген фанаттарды ақтөбеліктер қалай қарсы алды? Әншінің елін көру үшін бір адамға 4 мың АҚШ долларын жұмсаған фанаттар оны шығын деп есептемейді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жанкүйерлер Қазақстанды көргендері үшін өздерін бақытты санайды.

"Димаштың барлық концертіне барамын. Ол ерекше жаратылыс. Оны жақсы көрмеу, тыңдамау мүмкін емес. Маған  балаларым, немерелерім: "Ақыл-есің дұрыс па?", - деп сұрайды (күліп). Димаштың әні маған күш береді. Менің сондай немерем болған. Енді оған жұбаныш болып Димаш келді. Ол мың жылда өмірге бір келетін тұлға. Басымды иемін", - дейді Анна Кахл.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Америкадан келген бұл фанат телефонының бетіне Димаштың суретін қойып алған.

Ақтөбеге қарай лек-легімен ағылған фанаттар Димашқа қатысты кез келген нәрсеге балаша қуанып, тіпті арасында жылап жүр.

Әнші білім алған мектеп, колледжге барып ұстаздарынан "Димаш бала кезінде қандай болды, ұрысқан жоқсыздар ма?", - деп сұрады.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Олардың арасныда қазақша сөздерді үйреніп алғандары да бар. Тіпті кейбірі тырнақтарын Қазақстан туымен безендірген.

Димаштың өнеріне тәнті болған шетелдіктер Қазақстанға көшіп келуге де ниет білдіріп жатыр. Олар әншінің ұстазынан білім алу үшін колледжге түсудің жолдарын сұрады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Осында колледжге келіп оқысам қабылдайсыздар ма? Осында тұрғым келеді", - деген Ребекка Дилэй Димаштың ұстазына "Махаббат бер маған" әнін орындап берді.
"Тамаша, таза айтады екенсіз. Тек аздап ұялып тұрсыз. Спортпен айналысатыныңыз деміңізден көрініп тұр. Бізге келсеңіз құшағымызды жайып қарсы аламыз", - дейді Марат Әйтімов.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Әлемді аузына қаратқан қаршадай баланың өнеріне бас иіушілер саны ай сайын өсуде.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
2
36
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel