RU
Қазақстан электронды қолтаңбадан бас тартуы мүмкін

Қазақстан электронды қолтаңбадан бас тартуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: onlinekassa.tilda.ws

Көрнекі фото: onlinekassa.tilda.ws

Анар Жайылғанованың айтуынша, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 72,5% электрондық форматқа ауыстырылды.

Ведомствоаралық жұмыс қорытындысы бойынша 588 қызмет бойынша автоматтандыру және оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 81% электрондық форматта қолжетімді болады.

Агенттік халық арасында "электрондық үкімет" порталы арқылы да, түрлі сервистер арқылы да электрондық қызметтерді алуды белсенді түрде ілгерілетуде.

Қазақстанда смс-парольдер тек қана 64 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қолданылады.

Бұдан бөлек, азаматтардың жайлылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам алу үшін мемлекеттік қызметтер тізілімінен бір реттік анықтамаларды алып тастау жоспарланған.

"Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тізілімнен басқа инстанцияларға растаушы мәліметтер ретінде ұсыну үшін қажетті әртүрлі анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың 62 түрін алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Бұл тізімде сотталмағандығы туралы, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру және т.б. талап етілетін анықтамалар бар", - деп атап өтті Жайылғанова.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
3
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel