Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әуежайында тұрып қалған жолаушылар Түркияға ұшып кетті

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы әуежайда кешелі бері жүрген "SCAT" әуекомпаниясының жолаушылары Түркияға ұшты деп хабарлайды ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Shutterstock
Көрнекі фото: Shutterstock: UGC
"SCAT" әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан - Анталья бағыты бойынша сағат 02:00-де ұшады деп жоспарланып, техникалық себептермен тоқтатылған DV-475 рейсі ағымдағы жылдың 5 шілдесінде сағат 16:18-де резервтік әуе кемесімен жөнелтілді", - деп хабарлады азаматтық авиация комитетінде.

Комитетте аталған рейстің кешіктірілуі кезінде барлық жолаушыларға салқын сусындар, тамақ және қонақ үйде тұру ұсынылғаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұрын хабарланғандай, "Нұр-Сұлтан - Анталия" рейсінің 200-ден астам жолаушысы бірнеше сағат бойы Қазақстан астанасынан Түркияға ұшып кете алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803395-nr-sltan-uezajynda-tryp-kalgan-zolausylar-trkiaga-syp-ketti/

pixel