RU
Арыста 100 мың теңге алу үшін жазылған құжаттар тізімі жалған болып шықты

Арыста 100 мың теңге алу үшін жазылған құжаттар тізімі жалған болып шықты

Рассказать Вконтакте

Арыста 100 мың теңге көлеміндегі бір жолғы төлемді алуға арналған құжаттар тізімі туралы тараған жалған ақпарат адамдар арасында дау туғызды. Алайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Мұрат Жұманбай бұл арандатушылыққа қатысты әрекет етпеуге шақырды. Facebook парақшасында ол ештеңе тапсырудың қажеті жоқ екенін еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/Мұрат Жұманбай

Фото: facebook.com/Мұрат Жұманбай

"Арыс қаласының тұрғындары үшін 100 мың теңге көлемінде мемлекеттен бір жолғы көмек алу үшін құжаттар тізімін жинау туралы ақпарат пайда болды, осыған байланысты азаматтардың ХҚКО-на жаппай келуі байқалады", - деп жазды ол.

Жұманбайдың сөзінше, ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Бір жолғы көмекті ресімдеу үшін азаматтардың мәліметтері Түркістан облысы полиция департаментінің деректер базасынан сұратылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында 3 шілдеде өткен брифингте материалдық көмек алу үшін барлық тұрғындар туралы ақпарат және жәрдемақы ПД-дан сұралады", - деп хабарлады ол.

Анықталғандай, жәрдемақы алу үшін тек жеке куәлік қажет. Басшының хабарламасына сай, Арыс қаласында 17 штаб құрылған. Тұрғындар сол жерге барып, қызметкерлерге жүгінуі тиіс.

Сондай-ақ, Мұрат Жұманбай ХҚКО-на бір жолғы көмек алу үшін жүгінген азаматтардан бөлек тұрғын үйді жөндеу үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және жеке кәсіпкерлер үшін 1% жеңілдікпен несие алу мақсатындаңы анықтамалар алу үшін өтініш білдіріп жатқанын айтып өтті.

Осыған байланысты, ол азаматтардың арандатуларға мән бермей, уәкілетті органдардың ақпараттарын мұқият қадағалауын өтінді.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel