RU
"Отпускқа шықтық": Театр әртістері Мақсат Рахметтің әнімен биді жандырды (видео)

"Отпускқа шықтық": Театр әртістері Мақсат Рахметтің әнімен биді жандырды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Алашұлы" тобының солисті Мақсат Рахмет жеке орындауындағы әндерін жарыққа шығаруды жалғастыруда. Өз әріптестерінің арасында кезекті туындысын шырқаған әнші ортада биді жандырған видеосымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншіліктен бөлек, Ғабит Мүсірепов атындағы театрда қызмет ететін актер әріптестерінің ортасында "Ойнама" деген жаңа әнін орындаған.

Билеуге ыңғайлы, жылдам ырғақты әнге театр әртістері әбден көңіл көтерген сыңайлы.

Кезекті еңбек демалысына шыққанын алға тартқан Мақсат Рахмет өз парақшасында қызықты видео жариялады.

""Өзіміз отырып шай ішейік" демекші, елдің тойларында қызмет етіп жүргенмен, өзіміздің арамызда қуаныш болғанда осылай бір серпіліп қалатынымыз бар енді. (сөге жамандамаңыздар)
Оның үстіне отпускке шығып бара жатқан соң... Жаңа ән еді ғой "Ойнама" деген! Тыңдап үлгергендеріңіз бар ма?", - деп жазды ол видео анықтамасына.

Әртістердің биін тамашалаған желі қолданушылары тек қана жақсы пікірлерін қалдырып, әннің хитқа айналып үлгергенін жазды.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel