RU
Арыс әкімі әскери аумақта қанша тұрғын үй барын білмейтінін мойындады

Арыс әкімі әскери аумақта қанша тұрғын үй барын білмейтінін мойындады

Рассказать Вконтакте

Арыс әкімі Мұрат Қадырбек әскери аумаққа жақын орналасқан «Көктем» шағынауданында орналасқан үйлер санын нақты білмейтін болып шықты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ааааа

Фото: www.facebook.com

24 маусым күні орын алған жойқын жарылыстан Арыстағы әскери бөлімшеге жақын орналасқан «Көктем» шағынауданындағы тұрғын үйлердің көбіне зақым келген.

Алайда шаһар басшысы бұл шағынауданда нақты қанша үй бар екенін білмейтінін жасырмай айтты.

"«Көктем» шағынауданындағы жер үйлердің санын нақты айту қиындау. Қазіргі таңда есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Себебі бұған дейін бөлек-бөлек статистикалық жұмыстар жүргізілмеген. Нақты тұратын халық саны белгілі болғанымен, үйлер саны туралы мәлімет жоқ.

Бір жер учаскесінде екі үйден салынып кеткен жайттар бар. Көбінің құжаттары жоқ. Ол үйлерді заңдастыруды өз мойнымызға алып отырмыз», - деді Мұрат Қадырбек.

Одан өзге қала әкімі әскери бөлімшеге 400 метр қашықтыққа дейін үйлер салынбауы тиіс деген талаптың бұзылмағанын алға тартты.

Ал жарылыс кезінде жанып кеткен барак типтес үйлер құжат бойынша әскери бөлімше аумағында болған. Дегенмен ол үй иелеріне облыстық бюджет есебінен жаңа баспана салынып берілетін болды.

Соынмен бірге, Мұрат Қадырбек Арыс қаласына басшылық қызметке келгелі бері әскери бөлімшеге жақын аумақтан ешбір жер телімі берілмеді деп сендірді.

Жер учаскелерінің жаппай берілуі 2008 жылдан басталған екен.

Айта кетейік, Мұрат Қадырбек 2016 жылдың қыркүйек айынан бері Арыс қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel