RU
Жарылыстан зардап шеккен арыстықтар ет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр (видео)

Жарылыстан зардап шеккен арыстықтар ет алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындары ет сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жойқын жарылыс орын алып, көптеген үйлер мен нысандары қирап қалған Арыс қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Орталық алаңға жиналған халық жәрмеңкеде ұсынылған өнімдерін нарықтағы бағадан 30-50 пайыз төмендетілген бағамен сатып алды.

Бірнеше күннен бері азық-түлікпен тегін қамтамасыз етіліп келген тұрғындар бұл жолы өздері қалаған өнімді қалтаға қонымды бағаға сатып алу үшін кезекке тұрды. Әсіресе ет кезегіне тұрғандар елу пайыздық жеңілдікпен сатып алуға асықты.

«Жарылыс деп жүріп, үйде тамақ істемегелі біраз болды. Шыны керек, еттің не екенін ұмытып қала жаздадық қой (күліп). Базарда ет сатылып жатқан жоқ. Өзім бүгін ұзақ уақыт кезекте тұрып осы жерден сиыр етін алдым. Мың теңгеден, ал бұған дейін біздегі базарда сиыр етінің келісі екі мың теңгеден сатылып келген болатын. Шынымды айтсам жәрмеңкедегі бағаларды көріп, таң қалысып жатырмыз. Рахмет, әрине, осындай шаралар көптеп ұйымдастырыла берсе екен. Біз үшін оның өзі үлкен көмек»,-деді арыстық тұрғын Аян Есжанова.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспановтың айтуынша, жәрмеңкеде 180 тоннадан астам өнім сатылымға шығарылды. Оның 24 тоннасы ет өнімдері болса, 16 тоннасы сүт, 41 тонна көкөніс, бес тонна балық пен 24 тонна бақша өнімдері.  

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
3
4
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel