RU
Алматыда электравтобус ішінде күліп отырған Байбек пен Сағынтаевты суретке түсіріп алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алматыда электравтобус ішінде күліп отырған Байбек пен Сағынтаевты суретке түсіріп алды

Рассказать Вконтакте

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек пен қаланың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астанада жасалған электравтобустың алғашқы жолаушылары болды. Бұл туралы Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/baibekbk

Фото: Instagram/baibekbk

Оның сөзінше, автобус қала көшелеріне алтыншы шілде күні шықпақ.

"Бүгін қала әкімі Сағынтаевпен бірге «Made in Almaty» электравтобусының алғашқы жолаушылары болдық" , - деп жазды Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Байбектің сөзінше, электравтобус тесттік режимде жұмыс істемек. Кейін оңтүстік астанада мұндай тағы он автобус пайда болады.

Оған қоса, қаланың бұрынғы әкімі жлектравтобус құрастырылған зауыттың басшылығы еуропалық инвесторлармен меморандумға қол қойғанын мәлімдеді,.

Бұл құжатқа сәйкес, жақында Алматыда көліктер үшін аккумуляторлы батареялар өндіріп шығаратын зауыт пайда болуы тиіс.

Сағынтаев пен Байбек жаңа автобуспен Рысқұлов-Құлжа тракті жолайырығына дейін жетті.

Бүгін ол жерде екі жақты қозғалысты ашты.

Сонымен қатар, олар Алатау ауданындағы құбырлар жасап шығаратын зауыттың бірінші цехін көріп қайтты.

Байбек Алматының индустриалды аумағында өзге елден инвестиция тартылып, 39 жоба іске асып жатқанына қуанды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
3
2
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel