RU
Маңғыстау облыcы Мұнайлы ауданында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды

Маңғыстау облыcы Мұнайлы ауданында 160 көрерменге арналған дене шынықтыру – сауықтыру кешені ашылды

Рассказать Вконтакте

Жаңа кешен Маңғыстау ауылындағы «Бесшоқы» тұрғын үй массивінде орналасқан. Инвесторлар қаржысына салынған 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Елорда күніне орай пайдалануға берілді. Инвесторы – «Норт Каспиан Оперейтинг компани Н.В» (НКОК). Бұл нысан компанияның әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру шеңберінде бой көтерді.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Кешеннің ашылу рәсіміне облыс әкімі Серікбай Трұмов қатысып, ауыл жастары мен спортшыларды Елорда күнімен құттықтады.

Осылайша Елорда күні қарсаңында мұнайлылықтарға «НКОК» компаниясы кезекті сыйлығын жасады. Компания бұған дейін бюджет саласы қызметкерлеріне арналған 100 орындық жатақхана мен сыйымдылығы 500 орындық кітапханасымен бірге Мәдениет үйін салып берген болатын.

160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты 2 қабаттан тұрады. Қаржыландыру көлемі – 466,187 млн. теңге. Құрылыс 2018 жылдың мамыр айында басталды. Нысанның жалпы ауданы 1307,4 шаршы метрді құрайды. Спорт кешенінде футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, гандбол, жеңіл атлетика, күрес, дзюдо, армрестлингпен шұғылдануға болады. Ғимараттың сырты жарақтандырылған және көгалдандырылған. Ойын алаңдары талапқа сай жабдықталған.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel