RU
Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ержан Бабақұмаров Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Бабақұмаров. Фото: elarna.net

Ержан Бабақұмаров. Фото: elarna.net

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында туылған. Саяси ғылымдар кандидаты.

1996 жылдан мемлекеттік қызметте. Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болған.

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры болған. Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің жауапты хатшысы, вице-министрі қызметтерін атқарған. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel