Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшақ тұмсығымен жерге қадалған": Министрлік мән-жайды түсіндірді

Опубликовано:

Екінші шілде күні Қызылорда облысында Ан-2 ұшағының тұмсығымен жерге қадалған видеосы желіде таралған еді. Мән-жайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Белгілі болғандай Шаған ауданына қонған ұшақ толық тоқтап, тұраққа бет алғанда желдің екпінінен алға ауып кеткен.

Экипаж сын сағатында сыр бермей қозғалтқышты өшіріп үлгерген. Тіптен, ұшақтың еш жері бүлінбеген. Ертесіне әуе техникасы Шымкенттегі базаға аман-есен жетіп қонған.

Алдын-ала ақпарат бойынша, экипаж болған жайға қатысты басшылыққа тіс жармапты.

"Экипаж уақытында хабар бермегендіктен Азаматтық авиация комитеті уақытша бұл ұшақтардың жұмысын тоқтатты. Тергеу толық аяқталғаннан кейін қорытынды жарияланады. Соның нәтижесінде осы ұшақ қарасты әуе компаниясы белгіленген нұсқаулықтарды орындауға міндеттеледі", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы Қанат Түсіпбеков .

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803446-sak-tmsygymen-zerge-kadalgan-ministrlik-mn-zajdy-tsindirdi/

pixel