RU
"Ноғайбай" тарихи драма спектаклінің премьерасы өтті

"Ноғайбай" тарихи драма спектаклінің премьерасы өтті

Рассказать Вконтакте

5 шілде күні Петропавл қаласында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрында Ноғайбай бидің 185 жылдығына арналған ғылыми танымдық конференция өтті. Елбасы Н. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ұмытылғанымыз ұлықталып, өшкеніміз қайта жанып жатыр.

"Ноғайбай" тарихи драма спектаклінің премьерасы өтті

Конференция жұмысына жазушы, журналист, қоғам қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, Республикалық Мағжан журналының бас редакторы, СҚО Құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов, тарих ғылымдарының кандидаты, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Маликова, №2 қалалық соттың судьясы Қайрат Есибаев, театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметінің "Дарын" Мемлекеттік Жастар сыйлығының иегері, жазушы қоғам қайраткері Фархад Молдағали және Мәдениет қайраткері, театрдың негізін қалаушыларының бірі Болат Мамытбеков қатысты.

Бұдан басқа көрермен залында "Ноғайбай" тарихи драма спектаклінің премьерасы қонақтардың назарына ұсынылды. Пьесаның авторы Болат Мамытбеков.

Іс-шараның басты мақсаты – тарихы тұлғаны ұлықтау, ұлы даланы мекен еткен біртұтас түркі дүниесінен бөлек отау тігіп, дербес елдігімізді сақтап қалу жолында қазақтың құқықтық мәдениетінің негізін қалаушы қазақ билерінің беделі мен рөлін бүгінгі ұрпаққа тағылым ету.

Ноғайбай би - 1834-1917 жылдар аралығында өмір сүрген тарихи тұлға. Жастайынан алғырлығы мен зеректігі арқасында көзге түскен ол далалық сот жүргізу істерін меңгеруге ден қойып, атақты билердің нөкерлері қатарында билердің билік айтып, төрелік жүргізуіне қатысып отырған.

Өз қоғамымен бірге өсіп, біте қайнасып, халықтың тұрмысына, әдет-ғұрпына жетік болған Ноғайбай қазақтың дәстүрлі әдет құқығын, әсіресе "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын", Тәуке ханның "Жеті жарғысын" жете білетін, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешіп бітім айтқан шешендік өнерден де кенде емес еді.

Мұрағат деректерінде Ноғайбай Батырбеков 1868 жылы құрылған Полудин болысының (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы) бір-екі сайланым болысы және биі болып, сол өңірді басқарған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel