Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліндегі жемқорлықтан шаршаған танымал семсерлесушісі енді Өзбекстанның намысын қорғамақшы

Опубликовано:

Мексиканың атақты семсерлесушісі Паола Плиего Өзбекстан азаматтығын алды. Бұл туралы ESPN сайты хабарлады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Паола Плиего. Фото:codiceinformativo.com
Паола Плиего. Фото:codiceinformativo.com: Depositphotos

Спортшы өзінің инстаграмдағы парақшасында Мексика Олимпиада комитетіндегі жемқорлықтан шаршағанын, Өзбекстан атынан жарысқа шығу туралы шешім қабылдағанын жазды.

Басылым мәліметі бойынша, 2016 жылы Плиего Олимпиада басталуға үш күн қалғанда допинг қолданды деген айыппен жарыстан шеттетілген. Дегенмен бірнеше айдан соң бұл айыптар негізссіз екені анықталып, Паола Плиего ақталды.

Осы жағдайдан соң 24 жастағы семсерлесуші Мексика семсерсесу федерациясына сенуден қалған.

Енді Паола Плиего халықаралық жарыстарға Өзбекстан атынан қатысады.

Өзбек тарапы Плиего 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына Өзбекстан атынан қатысады деп хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803465-meksikany-atakty-semserlesusisi-endi-zbekstan-namasyn-korgajdy/

pixel