RU
Ла-Манаш бұғазын жалғыз өзі жүзіп өткен алғашқы қазақ азаматы жайлы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Ла-Манаш бұғазын жалғыз өзі жүзіп өткен алғашқы қазақ азаматы жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Алматылық Ержан Есімханов 34 шақырымдық Ла-Манш бұғазын 14 сағат 21 минутта жүзіп өтті. Есімхановтың бұл ерлігі ел есінде қалатыны сөзсіз. Өйткені ол Франция мен Британияның арасын қосатын Ла-Маншты өзі ғана жүзіп өткен әзірше жалғыз қазақ деп хабарлайды Хабар24.

Ержан Есімхановтың айтуынша, ол жүзумен үш жылдан аса уақыт айналысып келеді. Ла-Маншты жүзіп өту көптеген спортшының арманы.

"Бұған дейін Гибралтар мен Австрия және Мароккада марафондық жүзуден бақ сынадым. Содан кейін тәуекел деп Ла-Маншқа дайындықты бастап кеттім. Ауызбен айтуға оңай. Бірақ стартқа түнгі сағат 12-де шықтым. Көптеген қиындықтарға қарамастан діттеген мақсатыма қол жеткіздім", - дейді Ержан.

Айта кетсек, Ла-Маншты алғаш рет 1875 жылы ағылшын азаматы Мэттью Уэбб бағындырса, 70 жасында осы бұғазды Роджер Оллсоп жүзіп өткен.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
3
30
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel