RU
Қарағандыда 200-ге жуық кенші ереуілге шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда 200-ге жуық кенші ереуілге шықты

Рассказать Вконтакте

Бүгін "Шұбаркөл көмір" АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Павел Лисицы

Фото: Sputnik / Павел Лисицы

Басылымының мәліметінше, мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді.

"Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған", - деп мәлімдеді "Шұбаркөл көмір" баспасөз қызметінен.

Компания басшысы Андрей Сафонов жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап, ұжымның талаптарын қанағаттандыру үшін шешім қабылдады.

"Кейбір басшылар қызметінен шеттетілді", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қалған мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Қазір "Шұбаркөл көмір" бөлімшелері мен тау-кен цехтарының барлық қызметкері жұмыс орындарына қайтып оралған.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
4
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel