Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даяшыны аядым": Банк терминалы арқылы сөйлескен тележүргізуші желіні жарды

Опубликовано:

Тележүргізуші, сценарист Марат Оралғазиннің әлеуметтік желіде даяшымен әзілдескен видеосы тарап, көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Видео Instagram желісіндегі Kazakh_video тобында жарияланды.

Кадрдан белгілі тележүргізушінің банк терминалымен сөйлесу арқылы даяшымен әзілдескенін, оның әрекетіне достарының ішек-сілесі қатып күлгенін байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "тамаша", "рақаттанып күліп алдым", "әдемі әзіл", "өте керемет" деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында Марат Оралғазиннің әрекетін "ерсі" деп бағалағандар да болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1803525-bank-terminaly-alkyly-sjlesken-marat-oralgazin-zelini-zardy/

pixel