RU

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері қарсыласын 5 секундта нокаутқа жіберді

Оңтүстік Америкалық спортшы Хорхе Масвидаль UFC тарихындағы ең жылдам жеңіске қол жеткізді. Ол қарсыласын кездесудің 5 секундында сұлатып түсірді деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Жаңа рекорд Лас-Вегас қаласындағы UFC 239 турнирінде тіркелдіү

Масвидаль жекпе-жек басталысымен отандасы Бен Аскренге соққы дарытып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Еске сала кетсек, бұ,ан дейінгі рекорд америкалық Дуэйн Людвигаға тиесілі болған. Ол 2006 жылы канадалық Джонатан Гулені алты секундта ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1803549-brazilialyk-aralas-zekpe-zek-seberi-karsylasyn-5-sekundta-nokautka-ziberdi.html