Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сондерс Головкинмен Қазақстанда жекпе-жекке шыққысы келетінін мәлімдеді

Опубликовано:

Британдық боксшы Билли Джо Сондерс Генадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Спортшы GGG-мен Қазақстанда сынға түскісі келетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: sportreviews.com
Фото: sportreviews.com: UGC

Cондерс бұл туралы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Геннадий, сенің керемет елің бар. Мен сенімен туған қалаңда жекпе-жекке шыққым келеді. Осыны жасайық", - деді боксшы.

6 шілде күні Билли Джо Сондерс Нұр-Сұлтандағы "Барыс Аренада" шаршы алаңға көтеріліп, Генадий Головкинге сәлемдеме жолдады.

"Сен мықты спортшысың. Сол үшін сені жекпе-жекке шақырамын. Мен сенімен Нұр-Сұлтанда, "Барыс Аренада" айқасқым келеді. Қазақстанда ерекше жанкүйерлер бар. Солар үшін ерекше кездесу ұйымдастырайық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1803560-sonders-golovkinmen-kazakstanda-zekpe-zekke-sykkysy-keletinin-mlimdedi/

pixel