Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Акула шабуылдаған": Ер адам 24 жыл аяғында жүрген су жыртқышының тісін суырып алды

Опубликовано:

АҚШ-тың Флорида штатында ер адам 24 жыл бұрын тістеген акуланың азуын, 2019 жылы бірақ аяғынан суырып алған деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: publy.ru, Florida Museum of Natural History
Фото: publy.ru, Florida Museum of Natural History: Facebook

Джефф Уикли 1994 жылы Флаглер-Бич жағалауында серфингпен айналысқан.

Оны сол уақытта акула тістеп алады.

Алайда ол су жыртқышының тістегенін сезбей қалған.

Былтырғы жылы Джефф Уиклидің аяғына мазоль шығады.

Ол ауырсынған жерден сұр түсті тіс суырып алыпты.

Бұл жағдай Джефф Уиклидің өзін де қатты таңғалдырған

Ол тісті ғалымдарға көрсеткенде, мамандар оның акула азуы екенін айтты.

Тіс америкалықтың денесінде 24 жыл жүргенімен ондағы ДНК-сы әлі сақталыпты.

Бұл тіс қара сызықты акулаға тиесілі болып шыққан.

Айта кетейік, қара сызықты акулалар адамға сирек шабуылдайды.

Су жыртқышының бұл түрі көбінесе ұсақ балықтармен қоректенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803562-akula-sabuyldagan-er-adam-24-zyl-aagynda-zrgen-su-zyrtkysyny-tisin-suyryp-aldy/

pixel