RU
Өскемен тұрғыны танысының сеніміне кіріп, оның атынан үш несие алған
Жаңалықтар Қоғам

Өскемен тұрғыны танысының сеніміне кіріп, оның атынан үш несие алған

Рассказать Вконтакте

Өскеменде танысының сеніміне кіріп алған келіншек, ғаламтор арқылы оның атынан үш несие алып алған деп жазады YK.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

30 жастағы келіншек белгісіз біреулер оның атынан несие алғанын біліп, үшінші шілде күні құқыққорғау органдарына жүгінді.

Бір басында үш несиесі бар екенін ол қарызды өтеу керектігі туралы хабарламалар келген соң білген.

Тәртіп сақшылары бұл іске зардап шегушінің танысының қатысы бар екенін анықтады. Нәтижесінде полицейлер 25 жастағы азаматшаны тұтқындады. Ол алаяқтық үшін айыпталуда.

Ғаламтор арқылы рәсімделген қарыздың жалпы мөлшері 145 мың тңгені құрайды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
3
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel