RU
"Пәтерге апарып тұрады": Ақтөбелік әйел "намазхан" жігіттердің былығын ашты
Жаңалықтар Қоғам

"Пәтерге апарып тұрады": Ақтөбелік әйел "намазхан" жігіттердің былығын ашты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік келіншек мұсылмандық жолда жүрген әйелдердің қиындығы туралы жайып салды. Оның айтуынша, нәзік жандылардың еріне бой ұсынуын пайдасына асырып жүргендер аз емес. Намазхан жігіттер кез келген нәрсені сылтау қылып, талақ айтып, келесі әйелге үйленіп жүре береді екен. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

зххххххх

Көрнекі фото: Islam.kz

"Екі рет тұрмыс құрдым. Алғашқы некеде жас болғасын ба, түсінісбестік көп болды. Оның жұмыс жасамайтыны, таңертеңнен кешке дейін көрпеге оранып, ұйықтап жататыны шаршатып жіберді.

Тек намаз оқитын кезде ғана оянады. Өзім жұмыс жасаймын. Тапқан азын аулақ ақшам үйдің қажетіне, балабақшаға жаратылады.

Алтын әшекейлерімді жолдасым тамақ алу үшін сатып бітірді.

Соңында материалдық қиындықтан ажырасып тындық. Басқа адамға тұрмысқа шығамын деген ой мүлде болмаған.

Араға екі жыл салып бір азамат көңіл білдірді. Әйелге жалғыз жүруге болмайтынын, көмектескісі келетінін айтып, қосылуға ұсыныс жасады.

Бірнеше рет қажылыққа барған, өзін тақуа санайтын азамат екен", - дейді келіншек.

Бірақ, бұл неке де ұзаққа бармапты. Баласын ертіп барған келіншекті жігіттің ата-анасы қаламай, жолдасы сол кісілердің сөзінен аса алмаған екен.

"Екі айдан кейін енем қабақ шытып, менімен бірге шай ішпейтінді шығарды. Жұбайым "әйелдің жағына шығып кеттің" деген әңгіме болмасын деп ол мені бір түнде пәтерге апарып тастады.

Екі-үш ай пәтер ақысын төлеген шығар. Ол адамнан басқа көмек болған емес. Өзі тек аптасына бір рет соғып кетеді.

Кейін менің ештеңеге мұқтаж емес екенімді алға тартып, тағы үйленетінін, қаласам екінші әйел қылып, анда-санда келіп тұратынын айтты.

Әрине қарсы болдым. Сонда діндегі ер адамның аманаты қайда?! Бұл тек менің басымдағы жағдай.

Қаншама қыздар жылап қалып жатыр. Намаз оқитын азаматтар кез келген нәрсені сылтау қылып, талақ қылады. Мешітке барып неке қиюдың түк қиындығы жоқ.

Тағы бір таң қалатыным, қазір намазхан жігіттер халал көңілдестіктің де жолын тауып алған. Көңілі қалаған қызбен некелесіп, анда-санда пәтерге апарып тұрады.

Әрі қарайғы аманатын орындауды ойламайды. Кейін ұнамаса талақ айта салады. Қазіргі дінді жамылып, тақуа болып жүрген жігіттердің жағдайы осылай", - дейді мұңын шаққан келіншек.
Сіздің реакцияңыз
173
18
57
30
4
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel