RU
Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Елордамыз - Нұр-Сұлтанның туған күніне орай бес күндік кестемен жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін дүйсенбі, 8 шілде де демалыс күні деп жарияланды. Алайда, Алматының жаңа әкімі Сағынтаев оған қарамастан қала аудандарын аралауды жалғастыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)

Фото: Facebook/sagintayev.b

Оңтүстік астана әкімі әлеуметтік желілердегі ресми ресурстарында Алмалы ауданын аралау барысындағы маңызды мәселелер жөнінде жазды.

"Бүгін Алмалы ауданындамын. Әкім міндеті - экологиялық менеджментті жақсарту. Апатты ағаштарды жойып, жасыл желекті қорғау.

Аулаларды күрделі жөндеу, газбен қамтуды дамыту. Әлеуметтік объектілерді, ең алдымен мектептер мен бала бақшаларды сейсмикалық күшейту. Тозған желілерді жаңарту. Жеке үйлердің кәріздерін орталықтандыру. Абаттандыру мен көше жарығы.

Әкімдік осы мәселелер бойынша іс-қимыл Жоспарын әзірлейді, - деп жазды Сағынтаев алғашқы жазбасында.
Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)

Фото: Facebook/sagintayev.b

Одан соң жаңа әкім жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мен жолдардағы ЖКО қарағанын алға тартты.

"Реттелмеген өтпелі жолдарды абаттандыру және жарықтандыру. Бағдаршам орнату. Видеобақылау жүйесін дамыту.
Жаяу жүргіншілер мен автомобилистердің ортақ мүддесін қалыптастыру. Осы жұмыстардың барлығын мегаполиске қосылған аудандарда да жүргізу қажет", - деді өз сөзінде Бақытжан Әбдірұлы.
Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)

Фото: Facebook/sagintayev.b

Сағынтаев мырза «Алматы Тазалықтың» жұмысын да назардан тыс қалдырмаған.

"Өндірістік базаны нығайту, техниканы модернизациялау, кадрларды күшейту қажет.
Міндеттер: қала тазалығы және қоқыстарды жинау, жасылдандыру аумағын кеңейту, арықтарды және жауын кәріздерін тазарту, алдағы қысқы маусымға дайындалу", - деп атап өтті Алматы әкімі.
Сағынтаев демалысқа қарамастан Алматының тағы бір ауданын аралап шықты (фото)

Фото: Facebook/sagintayev.b

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel