RU
"Көзіме жас келді": Өз шеберханасын ашқан Азамат Сатыбалды ағынан жарылды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Көзіме жас келді": Өз шеберханасын ашқан Азамат Сатыбалды ағынан жарылды

Рассказать Вконтакте

Жүргенов атындағы Өнер академиясында өз шеберханасын ашқан Азамат Сатыбалды қуаныштан көзіне жас алғанын жасырмады. Танымал актер өзі білім алған оқу ордасында енді шәкірт тәрбиелейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзінің қуанышты жаңалығымен Азамат мырза Instagram желісіндегі оқырмагдарымен бөлісті.

Ұстаз атанғанын жеткізген актер ерекше күй кешкенін де ағынан жарыла айтты.

"Осыдан жиырма екі жыл бұрын Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына шәкірт болып келіп едім.....

Енді міне, Алланың қалауымен ұстаз болып өзімнің шеберxанамды ашып, шәкірттерімді қабылдап жатырмын. Көңілім босап көзіме жас келсе, екінші жағынан бойымды ерекше шаттық биледі.

Арманың биік, мақсатың анық болса алынбайтын қамал жоқ екен. Абай атамыз айтпақшы өзіңе сеніп, өзіңді қамшылауың керек...

Өмірімнің жаңа парасы ашылды. Мәнді, мағыналы және жетістікке толы болсын деп тіледім Жаратқаннан", - дейді Азамат Сатыбалды өз жазбасында.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
2
26
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel