RU
Ақмола облысы тас жолында үш көлік бірдей апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Ақмола облысы тас жолында үш көлік бірдей апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысындағы автожолда үш бірдей көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты деп хабарлайды Sputnik Казахстан агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ақмола

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматы-Екатеринбург тас жолының 1093-шы шақырымында Ягодное елдімекеніне жақын маңда орын алған.

Бұл жерде бірден үш автокөлік - "ВАЗ-2115", Volkswagen Golf және Mercedes ML-320 соқтығысып қалған.

Қайғылы оқиға салдарынан алты адам жан тапсырып, тағы алтауын ауруханаға жеткізді.

Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталуда.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын білу үшін тексеру жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel