RU
"Канело" келіспесе, GGG ешкім танымайтын боксшымен жұдырықтасуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

"Канело" келіспесе, GGG ешкім танымайтын боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Boxingnews24.com сайты авторларының бірі Тим Ройнер Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы аса танымал емес боксшы болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Ройнердің пікірінше, қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареспен кездесу өтпейтін болса, GGG польшалық Еуропа чемпионы Камиль Шереметамен жұдырықтасуы ықтимал.

"Стив Роллспен өткен кездесуден кейін Головкин қыркүйекте "Канеломен" үшінші кездесуге мүмкіндік алмаса, орта салмақтағы жеңілмеген қарсыласпен шыққысы келетіні туралы айтқан. Яғни, GGG-дің үшінші қарсыласы WBA рейтингіндегі үшінші нөмір Камиль Шеремета болуы мүмкін. Ол Головкин 8 маусым күні кездесу өткізуі мүмкін қарсыластарының тізімінде де болған.
Бұл Головкиннің "Канеломен" үшінші кездесуге мүмкіндік алуына қажетті есім емес екені белгілі. Ол DAZN мексикалық боксшыға қысым көрсетіп, GGG-мен қайта кездесуге мәжбүрлейді деп ойлауы мүмкін. Егер DAZN Головкин үшін бұл жұмысты орындаса, ол "Канеломен" кездесу үшін мықты спортшымен жұдырықтаспай-ақ қоюына болады. Шереметамен кездессе, артынша бәрібір Альвареспен жекпе-жекке шығады", - делінген материалда.
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel