Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Музыкаға деген махаббаты ерекше имам қызметінен қуылды (видео)

Опубликовано:

Түркияның танымал имамы Ахмет Мұхсин Тюзер музыкаға деген ерекше сүйіспеншілігінің салдарынан жұмыстан қуылған. Бұрынғы имам қызметіне қайта тұру үшін сотқа жүгінген, алайда Түркияның әкімшілік соты оның арызын қабылдаудан бас тартқан деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости: UGC

Ахмет Тюзер Анталия провинциясының Каш қаласынағы мешіт имамы қызметінен шеттетілді. Себеп ретінде оның "мемлекеттік қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығының жоғалуын" аталған.

Бұрынғы имам өзінің жұмыстан қуылуына FiRock рок-тобының құрылуы себеп болғанына сенімді.

Оның сөзінше, дін істері басқармасы, оған музыкамен айналысуға бірнеше рет кедергі келтірмек болған.

"Анталья әкімшілік сотының менің талап арызымды қабылдаудан бас тартқаны тек менің ғана көңілімді түсірмей, сонымен қатар бүкіл жастардың болашағына да әсер етеді.
Алдағы күндері мен апелляциялық сотқа шағым беруге ниет білдіремін, ал егер Түркияда әділеттілікке қол жеткізбесем, Еуропа сотына шағымданамын", - дейді ол.

Тюзер істі жеңіп шығатынына кәміл сенімді. Ол музыканы тастауды, тіпті, ойға алмайды. Бұрынғы имамның айтуынша, ол дәл осы музыка арқылы жастардың жүрегіне жол тапқан.

"Жастарға бақытқа, сенімге жетуге, әділеттілікті түсінуге көмектесуге тырысамын. Бұл әлемдегі бірлік пен татулыққа негіз болмақ", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803677-muzykaga-degen-mahabbaty-erekse-imam-kyzmetinen-kuyldy/

pixel