RU
Тәжікстанда 14 тұтқын наннан уланып көз жұмды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тәжікстанда 14 тұтқын наннан уланып көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Тәжікстанда жазасын өтеп жатқан 14 адам наннан уланып қайтыс болды. Одан бөлек, екі адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды khovar.tj сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: khovar.tj

Фото: khovar.tj

7 шілде күні түзеу мекемесіндегі 120 сотталушы (120 ер азамат пен 8 әйел адам) жазасын өтеуді жалғастыру үшін арнайы үш көлікпен Ходжан және Истаравшан қалаларынан Душанбек, Нурек және Яван аудандарына жеткізілуі тиіс болған.

Автокөліктер керуені Ходжаннан Душанбе қаласына дейінгі жолда қажеттілікке байланысты алты рет тоқтаған.

Солардың бірінде тұтқындардың бірі әдеттегідей 16 адамға үш бөлке нан таратады. Ал жарты сағаттан кейін аталған көліктегі тұтқындардың жүректері айнып, бастары ауыра бастайды.

Нәтижесінде, барлығы есінен танып, 14 тұтқын көз жұмған. Қолынан келгенін аямаған медицина қызметкерлері тек екі адамның өмірін сақтап қала алған. Қалған 114 тұтқын түзеу мекемелеріне еш физикалық зақымсыз жеткізілді.

Тәжікстан Республикасының Бас прокуратурасы 14 адамның уланып мерт болуына қатысты қылмыстық іс қозғап, арнайы тергеу тобын құрған.

Аталмыш фактіге қатысты сот-медициналық сараптамалары тағайындалып, қылмыстық іс Бас прокуратураның бақылауына алынған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel