Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды

Опубликовано:

Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Nur Otan" партиясының хатшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенова. Фото: bnews.kz
Тамара Дүйсенова. Фото: bnews.kz: Depositphotos
"Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін", - деп жазды Байбек.

Айта кетейік, Дүйсенова Nur Otan" партиясының хатшысы қызметіне 2019 жылдың ақпан айында тағайындалған. Бұған дейін ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1803686-tamara-djsenova-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel