RU
Головкин чемпиондық титулын қайтарып алуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Головкин чемпиондық титулын қайтарып алуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Халықаралық бокс федерациясы жақын арада мексикалық Сауль Альваресты орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айыруы мүмкін деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Канело" келесі жекпе-жекте украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен кездесіп, өзінің міндетті қорғауын өткізуге келіспесе, титулынан айырылады.

Естеріңіз сала кетсек, Альварес 4 мамыр күні Дэниэл Джейкобсты жеңіп, төрешілердің шешімімен аталған титулды жеңіп алды.

Алты апта бұрын IBF "Канело" өкілдеріне Деревянченко жағымен келіссөздерді бастау туралы хат жолдаған.

Алайда Альварестың командасы хатқа жауап бермей, қорғау мерзімін кейінге шегеру туралы өтінім де тастамаған.

Осы себепті IBF промоутерлік сауданы жариялауы мүмкін. Мексикалық боксшы өз кезегінде Деревянченкомен кездесуге ниеті жоқ екенін білдірді.

Егер оның промоутерлері саудаға қатыспау туралы шешім қабылдаса, онда IBF өз ережелеріне сәйкес, Альваресті чемпиондық титулдан айырады. Мұндай жағдайда белбеу үшін Деревянченкомен жекпе-жекке Геннадий Головкин шығады.

Айта кетелігі, өткен жылы GGG IBF белбеуінің иегері атанған, алайда дәл сол Деревянченкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқан себепті, одан айырылып қалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel