Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бейтаныс жігіттермен көңіл көтерген 16 жастағы қыз зорланғанын айтқан

Опубликовано:

Ақтөбеде 25 жастағы екі жігітке жасөспірім қызға зорлық көрсетті деп айыпталып, бас бостандығынын айырылды. Алайда сотталушының ағасы інісін кінәсіз санайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: filo.news
Фото: filo.news: UGC

Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 120 бап 3-бөлігі және 121 баптың 3- бөлігімен айыпты деп танылған Айсұлтан С. 12 жыл, Асылжан Қ. 13 жылға бас бостандығынан айрылды.

Алайда сотталушы тарап сот үкімімен келіспейді. Айтуларынша, қыздың да кінәсы бар.

"Асылжанның ағасымын. Інімді абақтыға қамаған оқиға 2018 жылдың желтоқсанында таңғы сағат 4 шамасында болды. Сол оқиғамен әлі күнге соттасып жүрміз. Інім Сазды ауданындағы ағамның ойын клубында Айсұлтан деген досымен отырады.
Олар сол жерде VIP кабинаға жөндеу жұмысын жасап жатты. Сол жерге құрбысымен Гүлнәз есімді 16 жастағы қыз келген. Қыздар клубқа түңгі сағат 3:30-да ішімдік ішкен күйі келген. Оның құрбысы қайтып кетіп, Гүлнәз қалып қойған. Сол жерде танысқан адамдармен бірге ішіп, кейін зорлады деп арыз түсірген", - дейді сотталушының ағасы Қалижан Құлбасов.

Сотталушының ағасы інісін кінәсіз санайды. Оның сөзінше, бойжеткеннің жеңіл жүрісті екенін олар кейін білген.

"Қыздың дұрыс емес адам екенін кейін білдік. Ол осы уақытқа дейін түнгі клубтарда шешініп билеп жүрген. Оны өзінің құрбысы айтып берді. Мамасын тыңдамай темекі тартады екен. Қыз басында көңіл көтеру үшін бұлардан 5 мың теңгеден сұрайды. Бірге отырып танымайтын адамдармен ішкен. Айсұлтанмен келісіп VIP залға кетіп қалған. Осындай қыздардың кесірінен екі жігіттің барлық жастық шағы түрмеде өтеді", - дейді сотталушы жігіттің ағасы.

Сот материалында зорлау дерегінің дәлелденгені жазылған. Оқиғаға қатысқандардың барлығы да мас күйде болған. Сот жасөспірім қыздың анасын әкімшілік жазаға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1803694-aktbede-bejtanys-zigittermen-kil-ktergen-16-zastagy-kyz-zorlanganyn-ajtkan/

pixel