Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда елеске толы қорқынышты жерлерді білесіз бе?

Опубликовано:

Алматы мен қала маңындағы елестер туралы айтылатын алып-қашпа әңгіме көп. Ал ең қорқынышты әрі құпияға толы жерлер қайда орналасқан? Бұл сұраққа "Алаш айнасы" жауап береді.

Көрнекі фото: novostimo.ru
Көрнекі фото: novostimo.ru: Facebook

"Қазақстан" кинотеатры

Аңызға сенетін болсақ, 90-жылдары ұйымдастырылған дискотекалардың бірінде жас жігіт өлтірілген екен. Қылмыскерлер оның денесін басқалар біле бермейтін жерге жасырып қойыпты. Іздеушілер араға тек бір апта салып барып, оны тапқан көрінеді. Сталкерлер жүргізген тәжірибелердің бірінде адам жоқ бөлмеде дыбыстар естіліп, ақауы жоқ жарық шамы өздігінен сөнетінін анықталған. Қараңғы және тыныштықта адамдардың құлағына "Тынысым тарылуда" (Душно мне) деген дауыс естіліпті.

Алматы-Бішкек тас жолы

Көрген адамдардың әңгімесін естісеңіз денеңіз түршігері анық. Дәл осы жолда жүргізушілердің кейбірі қыздың бейнесін көреді екен. Ақ көйлек киген бойжеткеннің қарапайым қыздан не айырмашылығы бар деп ойлауыңыз мүмкін? Бірақ куәгерлердің айтуларынша, әдемі келген қыздың аяқтарының орнына тұяқтар өскен. Ол Ыстық көлден түнгі уақытта қайтып келе жатқан көліктерге қол көтеретін көрінеді. Адамдардың айтуынша, оған тоқтап, жөн сұрасқан жүргізушілер көлік апатына түседі екен. Қыздың қайдан және қалай шыққаны әлі күнге дейін жұмбақ.

Жандосов көшесі

Алматылықтар Жандосов көшесінде қыздың жаны ұшып жүреді деседі. Олардың сөздерінше, аялдамада автобус күтіп тұрған қызды көлік қағып кеткен екен. Содан бері ол ару көліктің салонынан көрініп қалады екен. Сондықтан бұл оқиғадан хабардан жүргізушілер дәл осы көшеден жолаушы қыздарды алмауға тырысады.

Медеудегі қаңыраған үй

Бастапқы жоспарға сәйкес "Медеу" мұз айдынының маңындағы үй мейрамхана кешені ретінде салынуы керек болған. Бірақ құрылысқа араласқан адамдардың айтуы бойынша, жұмыс істеуге бір тылсым дүние кедергі келтіреді екен. Түнгі уақытта түрлі дыбыстар шығып, адамның мазасын қашыратын көрінеді.

Бірі бұл үй иесін және оның отбасын біреулер өлтірген, сондықтан олардың жаны тыным таппаған деседі. Сондықтан олардың жаны сол жерде кезіп жүретін көрінеді. Ал енді біреулер бұл жерде кезінде зират болғандығын алға тартады.

Қапшағай – Алматы тас жолы

Қапшағай мен Алматы қаласын байланыстырып тұрған тас жолда көлік апаты жиі орын алады. Халық аузында жүрген әңгімелерге құлақ салсақ, тас жол зираттың үстінен төселген деседі. Сондықтан қабірде жатқандардың жандары сол маңда кезіп жүретін көрінеді. Тіпті жол етегінде қол бұлғап тұрған қыздың бейнесін көрген жүргізушілер де көптеп кездеседі мыс.

Қаңыраған ҰОС госпиталі

40-жылдардың аяғында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге арнап салынған ғимаратта кейінгі жылдары Ауғанстан ардагерлері де ем қабылдаған. Уақыт өте жер сілкінісінен шатыры құлаған госпиталь қаңырап қалды.

Десе де, адамдардың кетуіне зілзала ғана түрткі болмаған, өзге бір тылсым дүние әсер еткен дейді ғимаратты аралағандар. Мекеме ішінде қалған дүниелер қарасаңыз, адамдардың асығыс, бір нәрседен қашқандай, заттарын жарты жолда қалдырып кеткендерін көруге болады екен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1803695-almaty-men-kala-mayndagy-eleske-toly-korkynysty-zerlerdi-bilesiz-be/

pixel